«Nur Otan» партиясының төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сайлауында дауыс берді. Елбасы Астана Опера театрының ғимаратында ашылған №115 сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады.
Дауыс беріп болған соң, журналистеге арнап брифинг өткізген Елбасы «сайлау дегеніміз бюллетень толтыру ғана емес, адамның парасаттылығын көрсететін» науқан дейді.
«Бұл тек қана сайлау учаскесіне келіп, бюллетень түсіру мәселесі емес, бұл ел азаматтары бірлігін, парассаттылығын, болашаққа деген үмітін көрсететін сәт. Қазақ елінің, Отанымыздың болашағы бір, үміті бір, мүддесі бір, қанымыз да, жанымыз да бір, жеріміз де бір. Сондықтан, бүкіл дүниенің алдында тағы да бірлігімізді көрсету керек. Бұл сайлауда біз болашақ үшін, бірлік үшін, еліміздің ішіндегі тыныштық үшін дауыс береміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сурет elbasy.kz сайтынан алынды