Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары үшін 66 сайлау учаскесі жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары үшін 66 сайлау учаскесі жұмыс істейді

10.01.2021

10 мыңнан аса сайлау учаскесінің 66-сы әлемнің 53 елінде орналасқан. Дауыс беруге арналған аумақтар шет мемлекеттердегі елшілікте уақыт айырмашылығына сәйкес біртіндеп ашылып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпаратқа сәйкес, өзге елдерде жиырмадан аса учаске жұмыс істеуде. Онда сол мемлекетте оқитын, тұратын немесе жұмыс істейтін отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Жұмыс бабымен немесе қыдырып барған жерлестеріміздің де осы учаскелерде сайлауда таңдау жасауына мүмкіндік бар.

Хабарламаларға жазылу