Мәулен Әшімбаев Парламент сайлауында өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Парламент сайлауында өз таңдауын жасады

10.01.2021

Парламент Сенатаның Төрағасы Мәулен Әшімбаев өз таңдауын жасады. Жоғары палатаның төрағасы елордадағы Ұлттық кітапханада ашылған №111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сенат төрағасының пікірінше, бұл сайлаудың жөні бөлек. Себебі бірқатар саяси рефомалар алғаш рет осы науқанда жүзеге асуда. Сенат спикері дауыс беру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін атап өтті. Әрі көпшілікті мемлекеттің дамуына ықпал ететін саяси шараға белсенді қатысуға шақырды. 

Хабарламаларға жазылу