Қарағандылықтар 778 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр
ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы еліміздің ең үлкен облыстарының бірі Қарағанды өңірінде де басталып жатыр.
Руслан Нұрланұлы, тілші:Сайлау Қарағанды облысында да басталды. Өңір бойынша 778 сайлау учаскесі бар. Оларда жалпы саны 900 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Біз қазір № 169 сайлау учаскесінде тұрмыз. Өздеріңіз білесіздер, қауіпті індетке байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Келушілердің дене қызуы тексеріліп жатыр. Антисептикпен қолдарын жуу және маска киіп жүру міндетті. Алғаш болып сайлау учаскесіне соғыс ардагері Бүркіт Есжанов атамыз әжемізбен бірге келді. Жасы 98-ге келген қария өзінің таңдауын жасау үшін, ел келешегіне бейжай қарамайтынын білдіріп, таң атысымен осында келіп, дауыс беріп жатыр.
Ал облыс бойынша саяси партиялардың 3 мыңға тарта сенімді өкілі жұмыс істеуде. Тәуелсіз байқаушылармен қатар, халықаралық ұйымдардың байқаушылары да өңірдегі сайлаудың өту барысын бақылауда. Сайлау учаскелерінің мүшелері, байқаушылар мен сенімді өкілдер түгел ПТР тестілеуден өткен. Ғимарат ішіне де әлсін-әлсін дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қалбатауда спорт пен мәдениет мерекесі өтті
18.05.2026, 17:35
Түркістан облысының Тасты ауылы қайта түледі
18.05.2026, 17:33
М.Ысқақованың кітабы ЖИ көмегімен қайта шықты
18.05.2026, 17:30
АҚШ-та Мұхтар Мағауин орталығы ашылды
18.05.2026, 17:27
Ақтауда «Кітап керуені» көрме-жәрмеңке өтті
18.05.2026, 17:25
Олжас Сүлейменов тоқсанға толды
18.05.2026, 17:22
Елімізде 64 мәдени нысан салынып жатыр
18.05.2026, 17:20
Әйел саясаткерлерді арнайы оқыта бастады
18.05.2026, 17:15