Енді ПТР-тестті әуежайда тапсыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді ПТР-тестті әуежайда тапсыруға болады

08.01.2021
Енді ПТР-тестті әуежайда тапсыруға болады

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ғимаратында ПТР-тест тапсыру орталығы ашылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлайды.  

«Енді елорда әуежайының жолаушылары мен қонақтары GrinLab тестілеу орталығында ПТР және ИФА әдістері арқылы коронавирус COVID-19 инфекциясына тестілеуден өте алады. ПТР тестілеудің құны 9 000 теңгеден басталады. Сынама жұтқыншақ пен мұрыннан алынады және нәтижесі электронды поштаға орыс немесе ағылшын тілінде жіберіледі. Нәтижені 12 сағаттың ішінде алуға болады», делінген хабарламада.  

ИФА әдісімен антиденеге экспресс тест жасату құны – 6 500 теңге, зерттеу кезінде IgM және IgG сыныптарының антиденесін анықтау үшін қылтамырдан қан алынады, нәтижесі 15 минуттің ішінде дайын болады. Антигенге экспресс тест жасату құны – 8 500 теңге, IgA антигенін анықтау үшін мұрын-жұтқыншақтан сынама алынады, нәтижесі 15 минуттың ішінде әзір болады.

Орталық Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ішкі рейстер терминалында орналасқан.


Хабарламаларға жазылу