Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрін қабылдады

06.01.2021

Бүгін Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады. Кездесуде сыртқы және ішкі сауданы кеңейту шаралары сөз болды. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру, нарықты отандық өніммен толықтыру маңызды деді Президент. Аталған сектордың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы әрі жедел жұмыстар атқаруды міндеттеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өнім өндірушілерді көбейту мақсатында Қазақстанның сауда-логистикалық әлеуетін нығайтуды тапсырды.

Ақниет Балтанова 

Хабарламаларға жазылу