Ұлыбритания коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын егуді бастады

04.01.2021

Ол өзге препараттарға қарағанда әлдеқайда арзан болады деп жоспарланған. Өткен тәулікте елдегі 55 мыңдай адамнан инфекция анықталған. Осыған байланысты оппозиция өкілдері биліктен оқшаулау режимін енгізуді талап етіп жатыр. 

Ал АҚШ-та «ковидке» шалдыққандар саны 20 миллионнан асты. Алайда Дональд Трамп бұл сандар асыра көрсетілген дейді. Науқастардың көптігінен ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Жерлеу қызметі індеттен қайтыс болғандардың артқанын растап отыр.

Камбоджада 5 аптаға созылған шектеу шаралары жеңілдеді. Мектептер, музейлер мен ойын-сауық орталықтары ашылып жатыр. Елде пандемия басталғалы үш рет локдаун енгізіліп, 382 адамнан «ковид» анықталды.   

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу