Президент бірқатар мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

30.12.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы тілдесті. Бір-бірін алдағы жаңа жыл мерекесімен құттықтаған тараптар Қазақстан мен Ресей қатынастарын одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.   

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен де телефон арқылы сөйлесті. Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.  

Ел Президенті Тәжікстан мемлекетінің басшысы Эмомали Рахмонмен де телефон арқылы байланыс жасады. Тараптар бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бүгін дәл осы мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы байланыс жасап, бір-бірін алдағы мерекемен құттықтады. Ынтымақтастық пен татулықты сақтап, мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. 

Ақниет Балтанова                                                            


Хабарламаларға жазылу