Павлодар облысында полиция көлігі мектеп оқушыларына қалқан болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында полиция көлігі мектеп оқушыларына қалқан болды

17.02.2017
Павлодар облысында полиция көлігі мектеп оқушыларына қалқан болды

Павлодар облысында автобус толы мектеп оқушылары жол апатынан аман қалды. Оқиға «Павлодар-Астана» тасжолы бойындағы Қалқаман кенті маңында болған. Куәгерлердің мәліметіне қарағанда, қарсы беттен келе жатқан КамАЗ көлігі ережені бұзып, қарама-қарсы бағыттың жолағына түскен. Автобусқа жолбасшы болып келе жатқан полицейлер осы кезде  қызмет көлігімен кесе-көлденең тұрып, оқушыларға қалқан болған.

Апаттың себебі анықталып жатыр.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу