Доллар қайта қымбаттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар қайта қымбаттап жатыр

29.12.2020

Өткен аптадан бері арзандаған доллар қайта күшейе бастады. Қазір АҚШ ақшасы 420,4, еуро – 512,5ресей валютасы – 5 теңге 70 тиынға тең.  

Қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа рубльдің құбылуы мен экспорт-импорт үлесінің азаюы және шикізат, әсіресе, мұнай бағасының арзандауы себеп. Ал келер жылы бағам қалай өзгеруі мүмкін? Бұл орайда сарапшылардың пікірі әртүрлі. Бірі теңге 450 теңгеге дейін құлдырайды десе, енді бірі, әзірге осы қалпында сақталады деп болжап отыр.

Мұрат Қастаев, сарапшы:   
-2021 жылы доллар 420-440 теңге шамасында болады. Ал егер пандемия жойылса, нарықтағы жағдай жақсаратыны сөзсіз. Өйткені мұнайға сұраныс артады. Сол үшін екінші жартыжылдықта доллар 400-410 теңгеге дейін арзандауы ғажап емес.   

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу