«Ақ жол» партиясының өкілдері ақтаулықтармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жол» партиясының өкілдері ақтаулықтармен кездесті

29.12.2020

«Ақ жол» партиясының мүшелері құрылыс компаниясы мен сервистік қызмет көрсететін мекеменің жұмысшыларымен кездесті. Олар ұжымның әлеуметтік жағдайымен танысып, партияның ұстанымын жеткізді.    

Берік Дүйсембинов, «Ақ жол» фракциясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:   
-Облыстың әкімі бір партияға болмаса бір шенеунікке қызмет етпеуі қажет. Ол халыққа қызмет етуі керек.   

Сондай-ақ, партиялықтар ауыл, аудан әкімдерін сол ауылдан шыққан азаматтардан тағайынауды ал, эпидемиологиялық жағдай ушыққан кезде көмегін аямаған қарапайым кәсіпкерлерді қолдауды ұсынды. Әсіресе ауыл кәсіпкерлері пандемиядан соң, ес жиып, қайта аяққа тұрғанша оларды барлық салық түрінен босату керек. Өйткені, ақжолдықтардың есебі бойынша, бүгінде 1 млн кәсіпкер дағдарысқа ұшырап, жарты млны кәсіпорын жабылып қалды.

Мұрат Жексенбиев, сервистік мекеменің учаске басшысы:   
-Еліміздің көркейгенін, байығанын қалаймыз. Осы партияның ұсыныстары мен жобаларының жүзеге асқанын қалаймыз.  

Саяси науқан кезінде «Ақ жол» партиясының мүшелері құрылыс компаниясы мен сервистік қызмет партиясының жастары да белсенділік танытты. Олар флешмоб өткізіп, тұрғындарға партияның бағдарламасы жазылған кітапшалар таратты. Партия өкілдері одан әрі ақтаулық кәсіпкерлермен кездесті. Қазір облыс орталығында 37 мыңға жуық биснес субьектісі бар. Соның 30 мыңнан астамы жұмыс істеп тұр.  

Асима Нұрбайқызы, Аягөз Оралбайқызы  


Хабарламаларға жазылу