«Ауылдықтар» Жамбыл облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауылдықтар» Жамбыл облысына барды

29.12.2020

«Ауыл» партиясынан депутаттыққа ұсынылған кандидаттар Жамбыл облысында зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда баспана базынасы, білім беру мен жастардың жұмыссыздығы сынды маңызды мәселелер талқыланды. 

Шараға еліміздің Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәурен Қуат пен Ғалым Тасыбеков қатысты. Онда жас отбасыларға тұрғын үй алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал ауылға көшіп барғандарды жан-жақты қолдау жайы сөз болды. 

Қанат Тасыбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат:
-Біз ұлт ретінде ауылдан шыққан ұлтпыз, қазақпыз, сондықтан әрине ауылға парызымызды қайтарымуымыз керек.  

Партия өкілдері ауыл жастарының білім грантын мен жұмысқа орналасуына кепілдік беретін «Ауылдан – диплом алу үшін» бағдарламасы жайында айтып берді. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы аграрлық оқу орындарының түлектері үшін алғашқы жұмыс орнын міндетті квоталау тәжірибесін енгізу де қажет дейді.

Дәурен Қуат, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат:
-Еліміздің бұл мәселелері күн тәртібінде тұр.Пісіп жетілді, шешімі бар, оған Үкіметтің саяси экономикалық әлеуеті мен мүмкіндігі де жетеді деп ойлаймын. 

Кездесуге қатысқан депутаттыққа үміткерлер ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру ісімен айналысып жатқан кәсіпорындар мен фермерлерді қолдау мақсатында қосымша құн салығынан босатып, несиелерді арзандатуды көздейтін субсидия жайын да тілге тиек етті. Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері партияның бастамалары ауыл тұрғындарының ғана емес, жалпы жұртшылықтың көңілінен шығуы тиіс дейді. 

Нысаналы Ығыл, Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу