Қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлеріне 724 млн теңге қарыз - министрлік
Қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлеріне 724 млн теңге қарыз. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«Еңбек қатынастарына қатысты мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімін тауып жатыр. Біріншісі – еңбекақының уақытында төлену мәселесі. Бүгінгі күні еңбекақы бойынша кәсіпорындардың жалпы берешегі 724 млн теңгені құрап отыр. Ол жыл басынан бері 49 пайызға немесе 696 млн теңгеге азайды. Дегенмен өңірлер бөлінісінде ең үлкен берешек Маңғыстау, ШҚО және Алматы облыстарына тиесілі» - деді ол.
Министрдің айтуынша, биыл еңбек инспекторлары 4,2 млрд теңге көлемінде анықталған жалақы қарыздарын өтеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 31 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
11.03.2026, 20:54
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
11.03.2026, 20:50
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15