Қазақстан Pfizer вакцинасын сатып алуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Pfizer вакцинасын сатып алуы мүмкін

28.12.2020

Қазақстан Pfizer компаниясының вакциналарын сатып алуы мүмкін. Қазір келісім жасалып жатыр дейді вице министр. Pfizer вакцинасы - америкалық екпе. Оның зерттеу сынамалары сәтті аяқталған. Қазір көптеген елдерден оған сұраныс арта бастады. Қазақстан да қамданып көрмек. Бірақ оны елге жеткізу оңай емес, минус 70 градуста сақталуы тиіс. Оның үстіне ресейлік вакцинадан қарағанда екі есе қымбат. Дегенмен, бұл мәселелерді реттеуге дайынбыз дейді министрлік. Нақты шешім аталмыш компанияның өндірістік қуаты мен мүмкіндігіне байланысты болмақ. Сондай-ақ министрлік өкілдері қазіргі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп бағалап отыр. Дегенмен соңғы үш айда балалар арасында ковидпен ауыратындар саны артқан. 

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Балалар арасында ковид жұқтыру дерегі өсіп барады. Жалпы, жыл басынан бері, 3658 баладан вирус анықталса соның 994-і кезекші сыныпта оқитындар. Бұл жалпы оқушының 0,1 пайызын құрайды. 2664-і қашықтан оқи отырып жұқтырғандар. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу