Израильде пандемия басталғалы үшінші рет локдаун жарияланды

28.12.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус кесірінен жұмыссыз қалғандарға көмек үшін бюджеттен 900 миллиард доллар бөлуге келісті. Енді табысынан айырылған миллиондаған америкалыққа 600 доллардан төленеді. Бұған дейін Трамп бұл соманы аз деп, құжатқа қол қоюдан бас тартқан еді.

Израиль болса, пандемия басталғалы үшінші рет локдаун жариялады. Енді тұрғындарға үйден бір шақырым ұзап шығуға тыйым салынады. Шектеулер кемінде екі аптаға созылмақ. Мұнда ковидке шалдыққандар 400 мыңнан асқан. 

Ал Қарт құрлықта коронавирусқа қарсы жаппай екпе егу басталды. Еуропалық Одақтың хабарлауынша, вакцина 446 миллиондай адамға егілуі тиіс. 

Ұлыбританиядан тараған коронавирустың жаңа штамы еуропаның бірнеше елімен қатар, Оңтүстік Корея, Жапония, Канада да анықталды. Осыған байланысты мемлекеттер шектеу шараларын күшейтіп, Біріккен Корольдікке әуе рейстерін тоқтатып жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу