Қарабақта Әзірбайжан әскеріне шабуыл жасалды

28.12.2020

Армения күштері Қарабақта Әзірбайжан әскеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқиға кеше түс ауа Ходжавенд ауданына қарасты Агдам ауылы маңында болған. 6 адамнан тұратын армян қарулы тобы Әзірбайжан әскери күштерінің бөлімшесіне оқ атқан. Тұтқиылдан жасалған шабуылдан бір сарбаз қаза тауып, тағы біреуі жараланды. Министрліктің мәлімдеуінше, шабуыл жасағандардың барлығының көзі жойылған.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу