Ғалымдар елорданы цифрландыруға үлес қосады
Назарбаев университетінің ғалымдары елорданы цифрландыруға үлес қоспақ. Олар төтенше жағдай орын алған кезде шұғыл әрекет ету үшін озық бейнекамералар жүйесін жасап жатыр. Құрылғы 360 градусқа бұрылады және қашықтан көре алады. Камералар өрт немесе жол апатын бірден байқап, жедел жәрдем, өрт сөндіру немесе тәртіп сақшыларының жұмыстарын оңтайландыруға ықпал етеді. Қазір ғалымдар жасанды интеллект көмегімен құрылғы орнатуға ең тиімді жерлерді анықтап жатыр. Бұл ретте шаһар картасының 3D үлгісі пайдаланылады.
Дәулет Баймұқашев, ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының деректер талдаушысы:-Ұлыбритания, Италия, Аргентина, АҚШ-ты алып қарасақ, осындай система кеңінен қолданылады. Біз Төтенше жағдайлар департаменті мен IKomеk қызмет орталығымен қазір келіссөздер жүргізп жатырмыз. Болашақта пилоттық жоба ретінде енгізуді жоспарлап отырмыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09