Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді

25.12.2020

Еліміз коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді. Эпидахуалды бағалау матрицасы осылай есептеп тұр. Ал, аймақтарға жеке-жеке тоқталсақ, Атырау облысы әлі де «қауіпті» аймақта. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары «сары» аймақта тұр. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» сызықта.  

Ал, жалпы эпидахуалға келсек, кеше тағы 736 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша індетке шалдыққандардың жалпы саны 150 мыңнан асты. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 154 адам шалдығып, 3 науқас қайтыс болған. 

Амангелді Сейітхан  


Қазақстан коронавирус

Хабарламаларға жазылу