Кинотеатрларда санитарлық талап күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кинотеатрларда санитарлық талап күшейтіледі

25.12.2020

Кинотеатрлар ашылғанмен, босаңсуға болмайды. Санитарлық талап күшейтіледі. Арнайы бақылау тобы бас қаладағы бірқатар кинотеатрды аралап, дайындықтарын тексерді. Талапқа сәйкес, сеанс арасында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Залға бактерицидті шамдар қойылады. Келушілердің бетперде тағуы қатаң тексеріледі. Кинозалға сусындар алып кіруге ғана рұқсат берілген.   

Ерлан Бекмырзаев, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы: 
-Барлығына талап бір болады. Сондықтан кәсіпкерлерге айтарымыз, санитарлық нормалардың барлығын қатаң сақтау керек. Ауруды күшейтпеу мақсатында осы талаптарды тексеріп, мониторинг топтары келіп қарайтын болады.  

Дарын Сағитов


Кинотеатр санитарлық талап

Хабарламаларға жазылу