ШҚО-да тәуелсіз байқаушыларды дайындайтын орталық құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да тәуелсіз байқаушыларды дайындайтын орталық құрылды

25.12.2020

Шығыс Қазақстанда сайлауды бейпартиялық байқаудың өңірлік штабы құрылды. Бүгін осы орталық қызметкерлері саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Қазір облыста тәуелсіз байқаушыларды дайындау жұмысы қызу жүргізілуде. Осы күнге дейін арнайы оқытуға 1 мыңнан астам адам қатысқан. Сайлауды бейпартиялық байқау штабының жұмысын Шығыс Қазақстанның азаматтық альянсы мен үкіметтік емес ұйымдары қолдап отыр. Олардың айтуынша, тәуелсіз байқаушы боламын деген азаматтардың арасында жастар көп. 

Аяужан Әшімова, облыстық сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі:
Біздің өңірімізде осы байқаушыларды даярлаумен көптен бері айналысып жүрген, өте тәжірбиелі тренерлер айналысады. Пандемияға байланысты бұл жұмыстың бәрі онлайн режимде жүргізілуде. Жұмыс екі сағаттық вебинардан басталады және алдағы уақытта кеңес берумен сүйемелденіп отырады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу