«Qazaqstan» арнасы түсірген «Абай» телехикаясы Түркияда көрсетіледі

24.12.2020
«Qazaqstan» арнасы түсірген «Абай» телехикаясы Түркияда көрсетіледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген «Абай» тарихи телехикаясы Түркияда көрсетілмек. Түркияның мемлекеттік «TRT» телерадиокорпорациясы өз арналарында «Абай» телехикаясын көрсетуге қызығушылық танытты. Қазір екі арна арасында келісім жасалуда. 

Сонымен бірге сериалға ТМД-дағы ең үздік онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасы қызығушылық білдіріп отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде.  6 бөлімді телехикая ағылшын және орыс тілдіріне де аударылып жатыр. 

«Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. Туындының режиссері – Мұрат Бидосов. Телехикаяға жазушы-драматург Дулат Исабеков кеңесшілік етті. Басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады. 

Хакім өмірінен сыр шертетін алғашқы телевизиялық сериалды қазақстандықтар Ұлттық арна эфирінен Тәуелсіздік мерекесінде тамашалады.

Абай телехикая Түркия

Хабарламаларға жазылу