«Спутник-V» вакцинасы Ресейге қарағанда қымбат болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Спутник-V» вакцинасы Ресейге қарағанда қымбат болуы мүмкін

22.12.2020

Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығарылатын ресейлік «Спутник-V» вакцинасының бағасы бізде көрші елге қарағанда қымбат болуы мүмкін. Ресейде оның шекті құны 2 мың рубль, яғни 11 мың теңге шамасында. Денсаулық сақтау минитсрлігі өкілдері бағаның қымбаттауына өндіріс пен тасымал шығыны әсер ететінін айтады. Өндіріс кезең-кезеңімен артады. Ақпан айына жоспарланған меже 80 мың доза. Алғашқы екпе де ақпанда жасалады.  

Ақерке Бектас  


Спутник-V вакцина

Хабарламаларға жазылу