Шымкентте тегін кілемге таласқан жұрт бір-бірін жаншып кете жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тегін кілемге таласқан жұрт бір-бірін жаншып кете жаздады

22.12.2020

Шымкентте 500 кілемді тегін таратамыз деп жарнама таратқан дүкенге жиналған мыңнан астам адам бір-бірін жаншып кете жаздады. Тегін дүниеге дәмелі болған Шымкент жұрты мен Түркістан облысының тұрғындары түнгі сағат екіден кезекке тұрған. Еңкейген кәрі мен баласын жетектеген аналар көп жиналған. Өйткені акцияны ұйымдастырушылар сыйлық ең алдымен зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мұқтаж жандарға беріледі деп сендірген. Қара құрым халықты көріп шошынған кәсіпкер дүкенін ашудан бас тартып, өзі әзер қашып құтылған. Жарнамаға алданып, ашуға булыққан жұртты полиция тәртіпке шақырды. Аудан әкімі келіп жұртты үйлеріне қайтуға үгіттеді.   

Кілем дүкенінің иелері осындай акцияны бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қаласында да өткізген. Бірақ мұндай дүрбелең болмаған. Енді санитарлық талаптарды бұзғаны үшін дүкен қожайындары 700 мың теңге айыппұл төлейді.

Ғани Қалмаханов 


Хабарламаларға жазылу