Алматы облысының Панфилов ауданында санитарлық бекеттер орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Панфилов ауданында санитарлық бекеттер орнатылады

22.12.2020

Алматы облысының Панфилов ауданында санитарлық бекеттер орнатылады. Полиция мен медицина қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар ауданға кіріп-шыққан азаматтардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізеді. Ауданда соңғы бір аптада вирус жұқтырғандардың саны біршама өскен. Сондықтан қоғамдық тамақтанатын орындар жабылып, балабақша, басқа да білім беретін мекемелер жұмысын тоқтатты. Ал мектептердің 80 пайызы қашықтан білім береді.  

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу