Қазақстанда 2200 әскери қызметші коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2200 әскери қызметші коронавирус жұқтырған

22.12.2020

Қазақстанда 2 мыңнан астам әскери қызметші коронавируспен ауырды. Бұл туралы Қорғаныс министрі баспасөз мәлихатында айтты. Нұрлан Ермекбаевтың сөзінше, осы уақытқа дейін індеттен 10 әскери қайтыс болған. Қазіргі уақытта 100-ге жуық адам ем алып жатыр. Жалпы, індет басталғалы қарулы күштердің 13 мыңнан астам әскери қызметшісі коронавируспен күрес жұмыстарына тартылған.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:
Мәселен, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесі дезинфекция жұмыстарымен айналысты, олар індет өршіген сәтте 60 млн шаршы метрден астам аумақты тазартты. Бас әскери-медициналық басқарманың дәрігерлері, госпитальдері мен лазареттері қатардағы тұрғындарды қабылдап, емдеумен айналысты. Әскери-көліктік авиация гуманитарлық жүктерді тасыды, шетелдегі қазақстандықтарды елге, елдегі шетелдіктерді сыртқа тасымалдады. Мұның барлығына қосымша қаржы бөлінген жоқ, барлығы өзіміздің ішкі ресурсымыз есебінен жүргізілді.

Қорғаныс министрлігінің жылдық бюджетінің 70% жуығы әскери өмірін жақсартуға жұмсалды. Нұрлан Ермекбаев келер жылдан бастап күш құрылымдары үшін азық-түлік өнімдеріне бөлінетін қаржы көлемі 40% ұлғайтылатын айтты. Сондай-ақ, алдағы үш жыл уақыт ішінде әскери қызметшілерге қаржылық төлемдер өспек. Ал әскерилерге арналған тұрғын үй бағдарламасы аясында 2018 жылдан бері 4 мың адам жаңа үй алған. 

Фариза Мұсақызы

коронавирус әскери қызметші

Хабарламаларға жазылу