Бүгін елордадағы шыршалардың шамы жанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елордадағы шыршалардың шамы жанады

22.12.2020
Бүгін елордадағы шыршалардың шамы жанады

Бүгін 20:00-де елордадағы барлық жаңажылдық шыршалар жанады. Қала аумағында 30-дан аса шырша орнатылған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әкімдік 22 желтоқсанда «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобын ұйымдастырмақ. Шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары сағат 20.00-де өз үйлерінде шырша шамын жағу сәтін фото немесе видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге жүктей алады (Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми парақшаларын белгілеу керек). Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.

Айта кетейік, Ұлттық арна көрермені де 31 желтоқсанда эфир арқылы қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтай алады. Ол үшін тілегін ұялы телефонның камерасын көлденең қойып, видеоға түсіріп, press@kaztrk.kz электронды мекенжайына жолдау керек.

шырша жаңа жыл

Хабарламаларға жазылу