ТМД байқаушылар делегациясымен кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД байқаушылар делегациясымен кездесу өтті

21.12.2020

Орталық сайлау комиссиясында ТМД-дан келген байқаушылар Миссиясымен кездесу өтті. Делегация мүшелерініне сайлаудың жарияланғанынан бастап дауыс беру күніне дейінгі үгіт жұмыстарының негізгі кезеңдері таныстырылды. Ал шетелдіктер байқау әдістері мен принциптері туралы хабардар етті. Бүгіннен бастап байқаушылар Миссиясының Штабы елдегі парламенттік сайлауды байқау жөніндегі жұмысын бастайды. Айта кетейік, ұйымнан келген байқаушылар осымен он төртінші рет Қазақстандағы саяси науқанға қатыспақ.   

Фариза Мұсақызы 


ТМД байқаушылар сайлау Орталық сайлау комиссиясы

Хабарламаларға жазылу