Сенат «Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы» заң жобасын қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат «Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы» заң жобасын қайтарды

21.12.2020

Сенат зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын шешіп алуға мүмкіндік беретін заң жобасына түзету енгізіп, Мәжіліске қайтарды.  

Өзгерістер негізінен баптарды нақтылау, ішінара қайшылықтарды жою және нормалардың күшіне енетін уақыттарын белгілеу бағытында болған. Яғни, зейнатақыға қатысты бұған дейін ұсынылған талаптар өзгеріссіз қалды. Нақтылап айтқанда, тұрғындар жас ерекшеліртеріне байланысты зейнетақы жинағының бір бөлігін алдын ала алып, өзінің немесе туысының баспа мәселесін шешуге, ипотекасын жабуға және емделуге жұмысауға құқылы болмақ. Жалпы, экономикалық өсуді қалпына келтіруді көздейтін заң жобасы пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталып отыр.

Оның ішінде Үкімет кәсіпкерлерге бір терезе қағидаты бойынша қызметті іске қосуы тиіс. Қарыз алушылардың құқығын қорғау үшін микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтілген. Сондай-ақ, көпбалалы және толық емес отбасылардың балалары үшін арнайы жоғары білім беру квоталары қаралып отыр. Егер, Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен келіссе, заң жобасы бірден Президенттің қол қоюына жіберіледі.

Ләйлә Дулатқызы                                                            


Хабарламаларға жазылу