Өткен тәулікте 652 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 652 адамнан коронавирус анықталды

20.12.2020

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 коронавирусы 652 адамға жұққаны тестпен расталды. Аймақтар бойынша ең көп науқас Павлодар облысында – 80 адам, Атырау облысында – 74 адам және Нұр-Сұлтанда 68 адам тіркелген. Мына облыстарда көбірек анықталды: Қостанай - 66, Солтүстік Қазақстан - 66, Шығыс Қазақстан - 60, Ақмола облысы - 59, Алматы қаласы -51. 

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталғандар саны 146 584. Ресми дерек бойынша қайтыс болғандар 2147. Жазда коронавирус белгісі бар пневмониядан өте көп адам қайтыс болған, алайда ол кезде есебі жүргізілген жоқ. Хатталатын тамыздан бері пневмония бойынша өткен тәулікте 25 адам тіркелген. 4 адам қайтыс болған.

Тамыздан бері жалпы тіркелгені 44 385. Ресми ақпар бойынша 474 адам қайтыс болған. Екі бөлек берілетін ресми деректерді қоссақ, коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны – 190 969.

Жайна Сламбек 


коронавирус

Хабарламаларға жазылу