Шымкентте 70 жастағы әжені зорламақ болған адам іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 70 жастағы әжені зорламақ болған адам іздестіріліп жатыр

20.12.2020
Шымкентте 70 жастағы әжені зорламақ болған адам іздестіріліп жатыр

Шымкентте 70 жастағы әжені зорламақ болған ер адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 17 желтоқсанда болған. 

«Еңбекші аудандық полиция басқармасына сағат 23:15-те қарт әйелге көмек керек деген шақырту келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз біреу 1950 жылы туған әйелді зорламақшы болғанын анықтады. Сол күні аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі-120-бабы 1-бөлігі (зорлауға әрекет ету) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің кім екенін (Шымкент тұрғыны болып шықты) және оның бұрын бірнеше рет істі болғанын анықтады.

«Күдіктіні ұстау үшін  қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары басталды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу