Партиялардың теледебаты 30 желтоқсанда өтеді
Сайлауға қатысатын партия өкілдерінің пікірсайысы 30 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Телевизиялық форматтағы дебат «Хабар» арнасынан көрсетіледі. Пікірталасқа 80 минут бөлінген. Дебат 3 турдан тұрады. Әр партияның өкіліне бірдей уақыт берілмек. Пікірсайысқа кімдердің қатысатыны да белгілі болды.
Анастасия Щегорцова, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:«Адал» саяси партиясынан Жұмағазиев Елдар Тынышпайұлы - Партия хатшысы, саяси кеңес мүшесі. «Ақ жол» партиясынан Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - партия төрағасы. «Ауыл» ХДП Бектаев Әли - партия төрағасы. Қазақстан халық партиясынан Айдын Қоңыров - партия төрағасы. «Nur Otan» партиясынан Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы - Төрағаның бірінші орынбасары.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы дауыс беретін жерін ауыстырғысы келетіндерге қойылатын талаптарды айтты. Ол үшін сайлаушылар 26 желтоқсаннан бастап 9 қаңтарға дейін есептен шығару куәлігін алуға құқылы.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06