Сарапшылар: Алдағы сайлау – саяси модернизацияның көрінісі
Алдағы сайлау – елдегі саяси модернизацияның көрінісі. Өйткені биылғы сайлаудың бұрынғыдан ерекшелігі көп. Біріншіден, сайлау өзінің конституцияық мерзімінде өткелі отыр. Екіншіден, заң шығару институттарының тарихында алғаш рет «парламенттік оппозиция» ұғымы енгізілді. Бұл Мәжілістегі пікірлер плюрализмін дамытуға негіз болады. Ал, ең бастысы, қазір партиялық алаңның эволюциясы айқан байқалады. Яғни, саяси партиялардың белсенділігі артқан.
Талғат Қалиев, сарапшы:
Осы күнге дейін бізде партиялар тек қана сол басшылардың партиясы болатын. Олардың бюросында не бар екенін, саяси кеңесінде не бар екенін, олардың жарғылары қандай, оны ешкім білмейтін. Қазір тұлғалар партиясы болып жатыр. Әр партияда бірталай тұлға белгілі азаматтар тізімге кіріп, солар насихаттап жатыр партияны.
Алуа Жолдыбалина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
Ең бірінші рет мәслихаттар пропорционалдық тізім бойынша бізде сайлау жүргізіліп жатыр. Енді осыған байланысты екінші ерекшелік - партиялардың барлығы егер бұрында мысалға Мәжілістің деңгейіндегі үгіт-насихатты көбірек жүргізсе, мәслихат та партиялық тізіммен өту үшін аймақтағы үгіт жұмысын өте қарқынды жүргізеді.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05