Көкшетау және Степногорскідегі блок-бекеттер алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау және Степногорскідегі блок-бекеттер алынады

11.12.2020

Ертеңнен бастап Көкшетау және Степногорскідегі санитарлық бекеттер алынып, қалаларға кіріп-шығуға рұқсат беріледі. Сондай-ақ,14 желтоқсаннан бастап Петропавлда да блок-бекеттер алынып, шектеу шаралары жеңілдейді. Қала аумағында демалыс күндері де қоғамдық көлік қатынайды. Ал дәмханалар мен мейрамханалар жексенбіден басқа күндері 22.00-де дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары да демалыс күндері ашық болады.    

Сағындық Сәбитұлы                           


Көкшетау Степногорск блок-бекет

Хабарламаларға жазылу