Өнер жұлдыздары Жаңа жылды үйде қарсы алуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер жұлдыздары Жаңа жылды үйде қарсы алуға шақырды

10.12.2020

Әлемді жайлаған індеттің екпіні әлі де басылар емес. Сондықтан босаңсуға болмайды. Осылай деген өнер жұлдыздары көпшілікті жаңажылдық кештерге бармай, мерекені отбасымен қарсы алуға шақыруда.

Ақжол Мейірбеков, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:
Телеарна арқылы жақсы концерттерді көріп, үйде болған дұрыс деп ойлаймын. Әлгі бетпердені шешпей, көпшілік жерлерге бармай, өзіңізді сақтасаңыз, Аман болыңыздар.

Жеңіс Сейдоллаұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Мерекелік күндер тек бақытты сәттерге толы болуы үшін сақтық шараларын қатаң ұстану керек. Жаңа жыл - отбасылық мереке. Карантиндік шараларды ұтымды пайдаланып, бұл жарқын мерекені үй ішімен, отбасымызбен амандықта қарсы алайық.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу