Вице-премьер Алматының эпидахуалымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вице-премьер Алматының эпидахуалымен танысты

10.12.2020

Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шаһардың COVID-19-ға қатысты қазіргі жағдайымен танысты. Ол 70-тен аса ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлерінің қатысуымен онлайн жиналыс өткізіді. Жиында эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері және мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. 

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов мегополистегі коронавирустың жаңа толқынына арнайы жабдықталған ренаимациялық орындарды, клинкаларды және инфекциялық стационарлардың жұмысымен де танысты. Әрі ПТР диагностикасының мәселесі бойынша зертханалардың жұмысын үйлестірудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, эпидахуалды жақсарта түсу үшін нақты тапсырмалар берді. 

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары: 
Бүгін біз Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды талқылау үшін келіп отырмыз. Біраз ой бөлісетін сұрақтар бар. Жалпы алғанда, қаладағы жағдай тұрақты. Дегенмен «сары аймаққа» көшкені белгілі. 

Нұрхан Нұрланұлы

коронавирус Алматы

Хабарламаларға жазылу