Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 9 метрлік қасқыр мүсіні орнатылды. Ол аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықтағы Күмісбұлақ деген жерге қойылған. Түз тағысының алып тұрқын орнату туралы шешім қабылданғанын аудан әкімдігі де растап отыр. Оған тек демеушілер берген қаражат жұмсалған көрінеді. Металлдан жасалып, пластикпен қапталған мүсін аязға да, аптап ыстыққа да шыдас береді. Авторы - Амантай Меңдіғалиев.
«Қасқырдың мұндай алып мүсіні әлемде жоқ, сондықтан оны Гиннестің рекордтар кітабына ұсынамыз», - дейді аудан әкімі.
Руслан Нұрланұлы