Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға тауар тасымалдайтын пойыз жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға тауар тасымалдайтын пойыз жолға шықты

10.12.2020

Түркиядан Қазақстанға, одан әрі Қытайға тауар тасымалдайтын тұңғыш жүк пойызы жолға шықты. Пойыз Қытайға Грузия, Әзірбайжан, Қазақстан аумағы арқылы 12 күнде барады. Ал Еуропадан Қытайға теңіз арқылы тауар тасымалы 30 күнге созылады. Мамандар темір жолмен жүк тасымалдау уақыты қысқарғандықтан, тауар бағасы да анағұрлым арзандайды деп отыр. Алғашқы пойыздағы 42 контейнерге үйде қолданатын электр бұйымдары тиелген. Бұл темір жол желісі Қытай мен Еуропа ғана емес, Қазақстан мен Түркия арасындағы да тауар айналымын одан әрі арттырмақ. 

Әділ Қараисмайылоғлы, Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі:
Қытай, Еуропа мен Орталық Азияны бір-бірімен байланыстыратын бұл темір Жібек жолының стратегиялық маңызы өте жоғары. Сенімді, жылдам әрі жеңіл жолмен тауар тасымалдау сауда, өндіріс және экспортты ұлғайтуға бағытталған қадам. Бұл пойыз осы жолдың бойында орналасқан барлық мемлекеттер арасындағы тауар айналымын арттырып, экономиканың дамуына зор үлес қосады деп сенемін. 

Айдос Әшімұлы


Түркия тауар тасымалы

Хабарламаларға жазылу