«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жариялаған «Ең үздік түсірілім тобы» байқауы аяқталды. Кім үздік шықты?
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аймақтық филиалдар арасында жариялаған «Ең үздік түсірілім тобы» байқауына дауыс беру аяқталды.
«Менің туған өлкем» тақырыбындағы сайыс kaztrk.kz порталы арқылы 3 айы бойы жүргізілді. Осы уақыт аралығында аймақтық филиалдарда қызмет атқарып жүрген режиссер, видеооператор, редактор, сценарист, дыбыс режиссері және веб-дизайнерлерден құралған командалар екі кезең бойынша бақ сынады.
Алғашқы кезеңге 29 команда қатысса, екінші іріктеу сайысына 12 топ іріктеліп шықты.
Байқаудың негізгі мақсаты - көпшілікке қазақ даласының көрікті жерлерін таныту, сондай-ақ, корпорацияның аймақтық филиалдарындағы қызметкерлердің еңбегін бағалау.
Соңғы кезеңде 12 команданың интернет қолданушылар арасында жинаған дауыстар қорытындысы төмендегідей:
1. mangystautv «Самұрық» тобы - 9342
2. shymkenttv «ONline» тобы - 8149
3. oraltv «Алаш» тобы - 6720
4. kartv «9 регион» тобы - 2528
5. oskementv «EAST.EAGLE» тобы - 1124
6. kyzylordatv «Туған өлке» тобы - 492
7. taraztv «Арай» тобы - 417
8. petropavltv «Қызыл-Жар» тобы - 213
9. semeytv «ЛИД» тобы - 150
10. kokshetautv «Ер Көкше» тобы - 128
11. kostanaytv «KOSTA rica» тобы - 117
12. pavlodartv «Ақсұңқар» тобы - 37
Осылайша, байқаудың бас жүлдесі «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Самұрық» командасына бұйырды.
І орын - «Қазақстан-Шымкент» - «ONline» тобы;
ІІ орын - «Қазақстан-Орал» - «Алаш» тобы;
ІІІ орын - «Қазақстан-Қарағанды» - «9 регион» тобы;
Үздік шыққандарды марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және бағалы сыйлықтар табысталатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы