Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында арнайы жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында арнайы жиын өтті

08.12.2020

Қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін бір жылда 6 басшы отставкаға кеткен. 4 саяси және 34 әкімшілік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Алматыда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында арнайы жиын өтті. Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың сөзінше, сыбайластыққа қарсы озық реформалар қолға алынды. Бастаманың нақты айғағы - бір ұйымда туыстардың бірге жұмыс істеуі шектеліп, кез келген сыйлық алуға тыйым салынды. Елімізде жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаңдататын үшінші топтама қабылданбақ. Құжатқа сәйкес мемлекеттік қызметші мен жұбайына шетелдің банк шоттарын иеленуге болмайды. Сондай-ақ аса ауыр сыбайластық қылмыстар үшін шартты мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі тоқтатылады.   

Навид Риаз, БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқарманың бағдарламалық кеңсесінің басшысы: 
-Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат үздік халықаралық стандарттар негізінде дамып келеді. Жауапкершілікті күшейту, жемқорлықты жоюдың тиімді тәсілдерін қолдану, оны қағаз жүзінде қалдырмай, сауатты іске асыра білу. Сіздер қолға алған бастамалардың нәтижесі дер едім. Бұл бағыттан таймасаңыздар, реформалардың қоғам қажеттілігіне сай жұмыс істейтіні анық.   

Жазира Оразқызы


сыбайлас жемқорлық жиын

Хабарламаларға жазылу