Еңбек мигранттарына зейнетақы жарнасы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек мигранттарына зейнетақы жарнасы төленеді

08.12.2020

ЕАЭО елдерінде жұмыс істейтін азаматтарға зейнетақы жарнасын төлеуге қатысты заңға Президент қол қойды. Әр мемлекет зейнетақыны өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес төлейді. Бұл бізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы іске асады. Дегенмен ол үшін қызметкердің өзге елдегі жұмысы заңды, еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарты болуы тиіс. Бұған дейін одақ елдерінде жұмыс істейтін еңбек мигранттарына зейнетақы жарнасы төленбей келген еді. Жаңа ережелер қамтылған құжат келер жылы күшіне енуі мүмкін. Қазақстанмен қатар келісімді Армения, Беларусь толығымен ратификациялады.   

Ақерке Бектас


Еңбек мигранттары зейнетақы жарнасы ЕАЭО

Хабарламаларға жазылу