Елордада алғаш рет сноуборд алаңы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада алғаш рет сноуборд алаңы ашылады

08.12.2020
Елордада алғаш рет сноуборд алаңы ашылады

Бас қалада Nur-Sultan snowpark ашылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлайды. 20 желтоқсанда елордадағы Ататүрік саябағында тау шаңғысы мен сноубордқа арналған жасанды төбешік пайда болады. Нысан Қазақстанда алғаш рет қысқы қоғамдық кеңістікті дамыту аясында орнатылған.  Құрылыстың жалпы ауданы 720 м2-ден асады. Ұзындығы - 40 м, ені - 18 м. 

Елордалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, саябақ көптеген пластик, металл және ағаш элементтерден жасалған. 

«Бұл қызықты спорт түрі тұрғындар мен елорда қонақтарының қысқы демалысын түрлендіре түсетініне сенімдімін», - дейді ол.

Айта кетерлігі, сноупарк аумағында жаңадан бастаушыларға қажетті жабдықты жалға беруді ұйымдастыру жоспарлануда. Нұсқаушылар әуесқойларға сабақ береді. Кешке сноупарк шамдармен жарықтандырылады. Осылайша, экстремалды спорт түрлеріне әуесқойлар үшін күндізгі ғана емес, түнгі шаңғы тебуді де ұйымдастыру қарастырылған.


Елорда сноуборд алаңы Nur-Sultan snowpark

Хабарламаларға жазылу