Бір тәулікте 670 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте 670 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

08.12.2020
Бір тәулікте 670 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

8 желтоқсан күні Қазақстанда 8 адам коронавирус инфекциясынан, 2 адам коронавирустан болатын пневмониядан көз жұмды. 

Жалпы, бір күн ішінде елімізде 670 адам тапсырған ПТР-тест коронавирус инфекциясын тапқан, 18 адамның ПТР-тесті инфекция таппаса да, оларға коронавирус инфекциясынан болған пневмония диагнозы қойылды. 

«Қазір коронавирустық инфекциядан 14 210 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 1 001 бала бар. Стационарларда 3 803 науқас жатыр. 10 427 адам үйде емделуде. Науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр. 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің медиа-орталығы. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. 

коронавирус пневмония Қазақстан

Хабарламаларға жазылу