Елорданы тағы түтін басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданы тағы түтін басты

07.12.2020

Жеке үйлері негізінен қатты отын жағатын елордада тағы көк түтін. Қазгидрометтің экологиялық бақылау станциялары кешелі бері қалада көрсеткіш шекті концентрациядан асып кеткенін анықтады. Яғни, ауаға таралған улы газдың көлемі тым көбейген. Әсіресе көк түтіннің қоюлануынан ауа құрамындағы күкірт диоксиді шамадан тыс көбейген.  

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі :  
-Барлық постта тіркелді. Ең жоғары ластанушы Көктал, Тұран мен Түркістан көшесінде тіркелді. Көміртегі, күкірт диоксиді 5-ке дейін артты.  

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы бұзылады деп болжайды. Осыған байланысты елорда мен елдің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Кей өңірлерде боран соғып, аяз күшеюі ықтимал.   

Асима Нұрбайқызы


Елорда түтін Қазгидромет

Хабарламаларға жазылу