COVID-19: CҚО-да тағы 4 ауыл карантинге жабылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Явленка ауылы екінші рет карантинге жабылды. Есіл ауданының орталығы саналатын елді мекенде осыған дейін қазан айында шектеу шаралары күшейтілген еді. Мамандардың айтуынша, соңғы 2 аптада науқастар саны 1,5 еседен артып кеткен, яғни, 250-ден 406-ға жетті. Оның жетеуі нөмірі бірінші орта мектептің оқушылары мен қызметкерлері. Қазір бұл елді мекендерге қатынауға шектеу қойылды, тек қажетті жеткізетін көліктер ғана кіріп-шығады. Өңірде Явленкадан басқа тағы 3 елді мекен карантинге жабылды.
Айнаш Сағындықова, облыстық СЭБД бас маманы:Солтүстік Қазақстан облысында тағы да 4 елді мекен карантинге жабылды. Атап айтар болсақ, Есіл ауданының Явленка селосы және Ясновка ауылы, Мағжайн Жұмабаев ауданының Таманское және Успенское ауылы. Осы барлық қабылданып жатқан шаралар облысымызды «қызыл аймақтан» шығару мақсатында жүргізіліп жатыр.
Сағындық Сәбитұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20