Ресейден келетін құрылыс материалдарының бағасы 60% қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден келетін құрылыс материалдарының бағасы 60% қымбаттады

06.12.2020

Неге осы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын үйлерде кілтипан көп? Құбырлар дұрыс тартылмайды, үйдің қабырғалары жарылады, шатырдан су ағады, лифт істемей қалады. Маманнан комментарий сұрадық, ол мына қырына тоқталады:  

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:  
-Қазіргі уақытта шаршы метріне 140 мың теңге береді. Ол баға үй салуға жетпейді. Әкімшіліктер үкіметтік бағдарламамен салынып жатқан үйлердің кемшіліктерін біледі. Бірақ басшыларға соны анық айтуға қорқады. Аяғында әрине жапа шегетін сол үйге ие болған тұрғындар. Біз құрылыс заттарының 55-60%-ін шетелден әкелеміз. Екі жылдың ішінде арматураны алсақ, 220%-ға өсті. Ресейден келетін құрылыс заттары 60%-ға өсті. Нарық реттеп, бағасын көтеру керек. Қазір министрліктер 3-4 жылғы ескі бағаларды береді. Үнемдеп береді, бағасын төмендетіп береді. Әрине, сосын сапа болмайды. Құрылысшы сол жобаны бітіру үшін ол арзан заттарды іздейді. Не болмаса арзан жұмыскерлерді іздейді. Содан жұмыстың сапасы да төмен. 


мемлекеттік бағдарлама үй

Хабарламаларға жазылу