3 қап ақша тоналған: Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 қап ақша тоналған: Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасалды

04.12.2020

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында инкассатор көлігіне қарақшылық шабуыл жасалып, ұрылар 3 қап ақшаны алып кетті. Оқиға кеше кешкісін Сбербанк бөлімшесі алдында болды. Қарақшылар инкассатор көлігіне шабуыл жасап, ондағы 65 млн теңге, 20 мың доллар, 500 мыңдай ресей рублін қолды етті. Куәгерлердің айтуынша, қылмыстық топтың құрамында 4 адам болған. Инкассатордың жүргізушісі қарақшылар отырған Nexia көлігіне 5 рет оқ атқан. Алайда қылмыскерлер қашып үлгерді. 

Айғаным Рахметова, облыстық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің өкілі:
Бейнебақылауға инкассатор көлігіне жасалған шабуыл және күдіктілердің ақ түсті автокөлікпен бой тасалап кеткені туралы жазбасы түскен. Маңғыстау облыстық полиция департаменті Жаңаөзен қалалық басқарманың жеке құрамы шабуыл жасаған күдіктілерді іздеуге және ұстауға бағытталды. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу