Футболға бөлінетін қаржы көлемі қысқарады - министрлік

03.12.2020

Футболға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі қысқарады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлап отыр. Айтуларынша келесі жылдан бастап әр клубқа бюджеттен 3 млн доллардан артық ақша берілмейді. Қазіргі курс бойынша бұл бір жарым миллиард теңге. Бұған дейін «Ордабасы», «Шахтер», «Қайсар», «Жетісу» секілді облыстық немесе қалалық әкімдіктің балансындағы клубтарға 3 миллион доллардан әлдеқайда көп қаржы аударылып келген. Ал «Астана» клубы «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырылады.   

Досжан Маратұлы 


Футбол қаржы

Хабарламаларға жазылу