ОПЕК+ ұйымына мүше елдердің келіссөзі өтетін болды

03.12.2020

Мұнай бағасының өсуіне ОПЕК+ ұйымына мүше елдер өндірісті тағы азайтуы мүмкін деген болжамдар да әсер етіп жатыр. Қара алтын өндіруші елдер келіссөзді бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі үште өткізуі тиіс.

Сөйтіп 2021 жылы өндірісті арттыра ма, әлде азайта ма шешуі керек. Қазір оның көлемі тәулігіне 8 млн баррельге таяу. Айта кетейік, ОПЕК+ ұйымына Қазақстан да кіреді. Еліміз 30 миллиард баррель мұнай қорымен әлем бойынша 11-інші орында тұр.  

Досжан Маратұлы 


ОПЕК+ келіссөз Мұнай

Хабарламаларға жазылу