Коронавирусқа қарсы вакцина қолданысқа дайын

03.12.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцина барлық адамдарға жетпеуі мүмкін деп хабарлады. Алайда «Файзер» компаниясы келесі жылдың соңына дейін екпенің жеткілікті мөлшерін шығаратынына уәде беріп отыр. 

АҚШ-та вакцина ақпанның соңына дейін 100 миллиондай тұрғынға салынады. Жаппай егу процесі желтоқсанның 15-де басталмақ.

Ал Бразилия бүгін қытайлық вакцинаның алғашқы партиясын қабылдады. Мемлекет жыл соңына дейін дәрілік заттың 46 миллион дозасын алуды жоспарлап отыр.

Ресей де келесі аптадан бастап «ковидке» қарсы вакцинациялауды бастайды. «Спутник V» препараты ең алдымен ұстаздар мен дәрігерлерге берілмек.

Жансая Қапасқызы 


Коронавирус вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Хабарламаларға жазылу