Қар астындағы шөпті шауып жүргендердің әрекеті көпшіліктің ызасын тудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қар астындағы шөпті шауып жүргендердің әрекеті көпшіліктің ызасын тудырды

02.12.2020

Петропавлда қар астындағы шөпті шауып жүргендердің әрекеті көпшіліктің ашу-ызасын тудырды.  Лезде әлеуметтік желілерге тарап кеткен бейнежазбада ер адамдардың қар астындағы шөпті шауып жүргені анық көрініп тұр. Бірақ, қалалық әкімдік бұл жұмысқа коммуналдық мекемелердің қатысы жоқ, қаладағы зауыттардың бірінде болған жайт деп жауап берді. Ал, әлеуметтік желі қолданушылары болса, жоғары лауазым иелерінің өңірге сапарына әзірлік деп айтуда.  

Сағындық Сәбитұлы 


Хабарламаларға жазылу